Оқиға бүгін 3 қыркүйек күні сағат 18:45-те Володарский көшесінде болған.
Төтеншеліктерге көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан 2020 жылы дүниеге келген ұл бала терезеден құлап кеткені туралы хабарлама жедел жәрдем қызметінен келіп түскен. Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа.
Осы ретте қалалық ТЖД балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақталуы қажет ережелерді еске салады:
— Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
— Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;
— Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;
— Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;
— Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.
(Фото: palladium.ru)