Шымкент қаласының әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жарияланды. Конкурсты Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырып отыр.
Аталмыш конкурстың негізгі мақсаты — әлеуметтік кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру болып табылады. Қатысу үшін өтінім қабылдау мерзімі:
2024 жылғы 4 қазаннан бастап 2024 жылғы 11 қазанға дейін.
Өтінімдерді қабылдау: «kezekte.kz» порталы арқылы электронды түрде.
Қосымша ақпарат алу үшін:
— Мекенжай: Шымкент қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 10.
— Электрондық пошта: msb_shymkent@mail.ru
— Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-74-22.
Ескерту: Конкурстық өтінімдер тек көрсетілген мерзімде қабылданады!