81 азаматқа қайтарымсыз грант берілді

30
фото ШАӘБҚ

Бүгін Шардара ауданы әкімі Арман Қарсыбаев Мансап орталығына барып, «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында бизнес идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, жұмысын бастағандардың көрмесіне қатысты.

Аудан әкімі әрбір кәсіп иесінің жасаған тұрмыстық бұйымдар, киім-кешек, пен тағам түрлерімен жеке-жеке танысып,тілдесті. Көрмедегі ерекше көзге түскен шұжық өнімі, сабын, қауынқақ және қолөнер бұйымдарын қарап,алдағы уақыттағы дамыту жолдарын сөз етті.
Арман Романұлы көрмедегі кәсіпкерлерге аудан тарапынан бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсететінін жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі қаладағы грант ұтып алған наубайхана мен заманауи терезе, есік жасаумен айналысатын кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысып, жалпы атқарылып жатқан істерге оң бағасын берді.
«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде арналған 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант 81 азаматқа беру жоспарланып, маусым, тамыз айларында өткізілген 2 лек комиссия отырысының қорытындысымен 81 азамат оң қорытынды алды. Салыстырмалы түрде 2023 жылдың осы кезеңінде 3 лек қорытындысымен 78 азаматқа қайтарымсыз грант берілген болатын.