Ассамблея мүшелері тұрғындарға арнап ән шырқады

0
фото ШӨКҚ

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында орналасқан №4 учаскеге дауыс беруге келгендерді «Светоч» хоры мен «Әжелер көркем» шығармашылық ұжымы керемет ән шашуымен қарсы алды.

Өнерпаздар қатарында «Ынтымақ» этномәдени орталығының ансамблі мен «Замандашлар» татар орталығының мүшелері де бар. Олар түрлі концерттік қойылымын қойып, қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге атсалысты.

«Бүгін Қазақстанда референдум өтіп жатыр – бұл бүкілхалықтық науқан. Оны сайлаумен салыстыруға болмайды, бірақ мұнда әркімнің дауысы бірдей маңызды. Бүгінде халық атом электр станцияларының құрылысына қатысты өз пікірлерін білдіруде. Ал Достық үйінің шығармашылық ұжымдары дәл осы күнге орай этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының көркем өнерпаздарының концертін ұйымдастырды» — дейді Халықтар достығы үйінің қоғамдық ұйымдарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Азиза Исаева.