40 жастағы ер азамат өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, мас халде рулге отырған. Потенциалды өлтіруші тізгіндеген Opel Vectra көлігі «Қорғау» көмегімен анықталды. Бағдарлама арқылы автокөлік туралы ақпаратты алған ЖБО инспекторлары, құқық бұзушыны ұстауға патрульдік полицейлерді бағыттады.
Тексеру нәтижесінде жүргізуші алкогольдік масаң күйде екені белгілі болды.
Қазір ер адам қамауда. Оған қатысты тергеу басталды.
Полиция ескертеді: мас халде темір тұлпар басқарған тұлға – жол қозғалысының барлық қатысушыларына қауіп төндіретін қылмыскер. Ол жауапкершіліктен бой тасалайтынына үміттеніп, заң бұзушылыққа саналы түрде барады. Бірақ кез келген қылмыстың жазасы болатынын ұмытпау қажет.