Шымкенттен мыңнан астам жастарды әскерге шақыру жоспарланған

30
Фото: Отырар.кз

Шымкенттік жастар Ақтау қаласының теңіз жаяу бригадасына әскери қызметке аттанды. 35 әскерге шақырылушыны қалалық жинақ бекетінде салтанатты түрде шығарып салды. Жалпы жыл соңына дейін Шымкенттен 1000-нан астам жасты әскерге шақыру жоспарланған. Олар әскери қызмет үшін арнайы тексеру мен тестілеуден өтуі керек.

35 шымкенттік жас жігіт Ақтауға әскерге аттанды. Әскери шақырылушылар теңіз жаяу бригадасында Отан алдындағы борышын өтейді. Бүгін шымкенттіктер жас сарбаздарды қалалық жинақ бекетінде салтанатты түрде шығарып салды.

Мағжан Рахманқұл, әскерге шақырылушы: «Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөліміне аттанғалы жатырмын. Теңіз жаяу бригадасына әскери қызметке бара жатырмын. Өз еркіммен ағамның жолын аттап басуға кетіп бара жатырмын. Отанымызды бізден басқа ешкім қорғамайды. Біз өз елімізді қорғауымыз керек. Әрбір ер азамат Отан алдындағы борышын өтеуі керек».

Психологиялық тестілеуден, медициналық тексеруден өткен және қалалық әскерге шақыру комиссиясының оң шешімін алған бозбалалар әскери істің негіздерін елдегі жалғыз теңіз жаяу әскерлері бригадасына зерделейді. Бұл бөлімде — сарбаздар жауынгерлік машинаның көздеушісі мен механик-жүргізушілерінен басқа барлық лауазымдарда мерзімді әскери қызмет атқара алады.

Бексұлтан Алдаберген, 25744 әскери бөлімінің өкілі: «Шымкент қаласы жинақтау бөлімінен 35 жас сарбаз буынды Ақтау қаласы 390-шы теңіз жаяу әскери бригадасына алып кетудеміз. Ол жақта жас сарбаздар шабуылдау батальоны, танк батальоны, артиллериялық дивизиондар, барлау ротасы және тағы басқа әскери мамандықтар бойынша бір жыл көлемінде қызметтерін атқарады».

Бұдан бөлек, күзгі шақыру науқаны аясында мегаполистен 18 бен 27 жас аралығындағы 200-ге жуық жас ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарына шақырылды. Айта кетейік, жыл соңына дейін Бір ғана Шымкенттің өзіңнен мыңнан астам жастарды әскерге шақыру жоспарланған.