Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Шымкент қаласы Абай ауданындағы су алу қауіпі бар 5 орында су тарту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Б.Майлин көшесі, К.Әлімбетов көшесі, Ы.Алтынсарин көшесі, Маржанбұлақ көшесі, Абдрайымов көшелері. Су тасқынын алу бойынша 3 дана ассенизатор, 10 дана КДМ техника, 16 дана мотопомпа, 100 жұмысшы жұмылдырылды.
Сонымен қатар Бекжан көпірі, А-2 айналма жолы, Барыс базары, айналма, Қозыкөрпеш көшесі, Іле көшесі, Саттарханов көшесі, Қайыңды көшесі, Қазақстан көшесі, Найзалы көшесі, Қазына көшелері тұрақты бақылауда.
Қазіргі таңда тұрғындардан түскен барлық өтініштер қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.