Заңсыз құрылыс жүргізгендерге 57 млн. теңгеге жуық айыппұл салынған

26

Шымкентте жыл басынан бері заңсыз құрылысқа қатысты 130 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 205 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, айыппұл салынған. 57 млн теңгеге жуық айыппұл арқалағандар құрылыстың 4 бағыттағы заңдылығын бұзған дейді мамандар. 

Заңсыз құрылыс салғандар 57 млн теңгеге жуық айыппұл арқалады. Жыл басынан бері қала аумағындағы заңсыз құрылысқа қатысты 130 тексеру жүргізіліп, 96 бұзушылық анықталған. Толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар негізінде, құрылыс иелеріне айыппұл салынды дейді мамандар.

Алдияр Мұсабаев, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары: «Құқықтық статистика департаментіне тіркеліп, жылдың басынан бері 130 тексеру тағайындалған. Ол тексерудің 96-сы нақты заңсыз болып табылып, бұзушылық табылған. 205 протокол толтырып, әкімшіліқ құқықбұзушылыққа жауапқа тартылған».

Заңсыз құрылыспен айналысқандар біреудің емес, өз жерінде жұмыс жүрізіпті. Бірақ құрылыс нормаларына сай келмегендіктен немесе алдын ала хабарламағаны, ескертпегендері үшін заңсыз құрылыс есебіне енген.

Алдияр Мұсабаев, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары: «Нақты 4 бағыт бар заңдылығы бойынша. Өзінің жұмыс проектысы болу керек, бізге деген хабарламасы болу керек, авторлық, техникалық бақылау барлығы болу керек, сонда ғана ол заңды құрылыс болып есептеледі. Заңсыз құрылыстың барлығы осы қаланың ішінде, әркім өз жерінде салып жатыр. Бірақ, бұл жерде алдын-ала берілмеген хабарламасы бар, алдын ала проект жасалмағаны бар, сол себепті заңсыз құрылыс болып табылады».

Құрылыс сапасына қатысты да бұзушылықтар жоқ емес. Мәселен, 8 айда 19 құрылыс объектісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 7 125 500 теңге айыппұл салынған. Оның 1 587 500 теңгесі өндіріліпті. Ал үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу бойынша 9 тұрғын үй кешеніне қатысты іс әкімшілік сотқа жолданып, сот шешімімен жауапкершілікке тартылған.