Қабырға артындағы кітаптар…

27
фото okg.kz

Шымкентте балалар кітапханасының алдында құрылысы жоспарланған жаңа ғимарат осындағы мәдени кеңістікке қолжетімділікті шектейді. Бұрын жас оқырмандарды қызықтырған қасбет енді көзден таса болып, ал кітапханаға кіру құрылыс жұмыстарының салдарынан қиындай түседі дейді тұрғындар. Ал әкімдіктегілер бұл құрылыс заңсыз деп кесіп айтты. 

Шымкенттегі балалар кітапханасының алдында бой көтеретін жаңа ғимарат кітаптарды көруге мүмкіндік бермейді. Жарнаманың бір түрі ретінде қызмет еткен оның жарқын қасбеті енді өтіп бара жатқан адамдарға да, жас оқырмандарға да көрінбейді. Мәдени ошаққа балаларын алып келген ата-аналар көліктерін осы төңіректегі тұрғын үй аулаларына қалдыруға мәжбүр. Өйткені кітапхананың алдында тұрақ жоқ. Оның орнында ғимараттың іргетасы қаланған. Тұрғындардың айтуынша, мұнда жекеменшік иесі нысан салуға шешім қабылдапты.

Наталья Перевалова, Балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі: «Кітапхана-бұл кітаптар болғандықтан бізде өрт қаупі өте жоғары. Егер де ғимарат салынса, төтенше жағдай орын алса бірде-бір өрт сөндіру көлігі өте алмайды. Есесіне, үй тұрғындары зардап шегуі мүмкін. Өйткені біздің кітапхананың жоғарғы қабатында адамдар тұрады».

Клара Юлдашева немересімен бірге кітапханаға келуді әдетке айналдырған. Бұл оқушының кітапқа деген сүйіспеншілігін оятуға зор мүмкіндік. Бірақ қазір кітапханаға жету үшін кедергілерді жеңу керек.

Клара Юлдашева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Біз келеміз және кіруге ыңғайсыз, елестетіп көріңізші, құрылыс басталды және қазір жаңбыр жауды, батпақ, біз кіре алмаймыз, бізге жарты метр ғана қалды. Ғимарат соғылса, кітапхана көрінбей қалады, балалар байқамай өтіп кетеді. Тапқанша, уақыттарын өткізіп сабақтарынан да кешігеді».

Ал кітапхананың жоғарғы қабаттарында тұратындар енді тереземізден көше емес қабырғаны көретін болдық деп ашынады. Ал әкімдіктегілер іргетасы қаланған бұл нысан заңсыз дейді.

Тұрғындар мен кітапхана қызметкерлері іргелес аумақты заңсыз құрылыстардан босатуды, шұңқырларды алып тастауды және аумақты абаттандыруды қарастыруды талап етіп отыр

Шынар Оразова