Сыртқы жарнама бойынша 7 кәсіпкерге ескерту жасалды

29
фото ТҚӘБҚ
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласындағы сыртқы жарнамалармен көрнекі ақпаратты, жарнама тілін реттеу және жүйелеу мәселелері кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Рейдтік шара барысында Тәуке хан даңғылы «Қуаныш» базары аумағындағы сауда орындарының сыртқы маңдайшалары, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері басқа да көрнекі ақпараттардың ҚР-ның «Тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес жазылуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
​Нәтижесінде, жалпы саны 25 шаруашылық субьектілер мен 7 жеке кәсіпкерге ескерту жасалып, белгіленген мерзімде ретке келтіруге ұсыным хат берілді.
​Кемшіліктер орындалмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» №235-V Кодексінің 75 бабының 3 тармағына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу — ескерту жасауымен шектелетінін немесе жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны ескертілді.
​Осы бағытта келесі С.Ерубаев көшесі бойындағы сауда орындарының жарнама мәтіндерінің ҚР-ның «Тіл туралы» Заңына сәйкес жазылуына бақылау жүргізіліп, орын алған кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.