Úı ANONS Басқарма басшысы айыппұл арқалады

Басқарма басшысы айыппұл арқалады

Шымкент прокуратурасы қалалық сәулет, қала құрылысы басқармасының басшысына 130 мың теңге айыппұл салды. Прокуратура дерегінше, басқарма 4 мыңнан аса сыртқы жарнаманы орналастырған кәсіпкерлерге тәртіп бойынша ұсынымдар бермеген. Сөйтіп олардың бұзушылықтарды өз еркімен жою құқығын шектеген.

 

Бұдан бөлек, жарнама болып табылмайтын 127 нысан негізсіз сыртқы жарнама ілгендер есебіне кіріп кеткен. Ал сыртқы жарнама объектісін орнатпаған 115 тұрғын негізсіз төлемақы төлеуші ретінде танылған. Нәтижесінде кәсіпкерлерге 260 миллион теңге төлемақы негізсіз есептелген.

ДӘУРЕН БИСЕНБАЕВ, ПРОКУРОР: «Жұмыстардың нәтижесінде заңсыз есептелген сумма кәсіпкерлерге қайтарылды. Негізі бұл жерде кәсіпкерлерден де … мүмкіндік берілмеген».

Жалпы кәсіпкерлерден өндірілген төлемақы өздеріне қайтарылған. Бас-яғы 2571 кәсіпкер мен тұрғынның құқығы қорғалған. Қала прокуратурасы сыртқы жарнаманы пайдалану үшін сәулет, қала құрылысы басқармасына оны орналастыру туралы хабарлама жолдап, жарнаманың көлеміне сәйкес есептелетін төлемақыны уақытылы төлеп, заң талаптарын сақтау керек екенін ескертеді.

 

Дилара Иса