Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен 21 азаматқа қатысты балаларын күтіп-бағуға арналған міндеттемелерін орындамағаны үшін (ҚК 139-бабы) қылмыстық істер тіркелді.
Мәселен, соңғы 4-жыл бойы борышкер Ж.Эргашев алимент бойынша міндеттерін орындамай, алимент төлеуден қасақана жалтарып 5 млн қарыз берешек сомасы қалыптасқан.
Соттың үкімімен Ж.Эргашев ҚК 139-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Осы секілді 65 млн теңге алимент берешек қарызы қалыптасқан 20 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Түркістан облысының аумағында алимент төлеуге міндетті шамамен 19 мың борышкер бар.
Аталған бағыттағы жұмыс облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.