Атаулы әлеуметтік көмек алушылардан 14 млн. теңгеге жуық қаржы бюджетке қайтарылды. 2023 жылы Шымкентте 201 отбасыға негізсіз ақша төленген. Оның 46-сы тағайындалған қаражатты өз еркімен, ал 23 адам сот шешімінен кейін мемлекетке қайтарып берген. Тиісті басқарма басшысы енді атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша жұмыстар қатаңдайтынын жеткізді.
Жанат Өтебаева, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: «2023 жылы 201 отбасыға негізсіз ақша төленгені бойынша анықталып, оның ішінде 46 азамат өз еркімен тағайындалған қаржыны қайтарды. 13 азаматқа сот шешімі шықты. 90 азамат соттың шешімімен медиация арқылы қайтаруда. 23 азамат сот шешімімен қаржыны қайтарды. Жалпы, бүгінгі таңда 13 млн. 982 мың қаржы бюджетке қайтарылды».
Сонымен қатар, осы уақытқа дейін атаулы әлеуметтік көмек алушылар денсаулық сақтау басқармасымен берілетін жұмысқа жарамсыздық анықтамасы енді кюар код арқылы тексеріледі. Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында 8801 отбасыға аталған көмек тағайындалған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,7 пайызға төмен дейді жауаптылар.