Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды

22
ТО ПД

Қазақстанда ғасырлық мерейтойын тойлаған 20-дан астам азаматтың құжаттары жаңартылды. Солардың бірі – Түркістан облысы, Жетісай ауданында тұратын 110 жастағы Оңай Бекбаева. Әжей құжат алу үшін көші-қон қызметіне жүгінген. Жаңа жыл қарсаңында полиция қызметкерлері кейуананың үйіне арнайы барып, жаңа төлқұжаты мен жеке куәлігін табыстап қайтты.

Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, биыл ел азаматтарына 1,5 миллионнан астам жеке куәлік және 2,5 миллионға жуық төлқұжат берілген. Айта кетерлігі, денсаулығына байланысты жүріп-тұруы қиын азаматтарға құжаттандыру қызметтері олардың тұрғылықты мекенжайы бойынша көрсетіледі.