Сапасыз қызмет үшін шағым жасады

22
фото Егемен.кз
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Өз кезегінде, Төлеби ауданының тұрғыны жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу бойынша тиісті мекемеге өтініш білдірген. Алайда, жылжымайтын мүлікке тыйым салынуына байланысты мекеме қызметкері тарапынан өтініш қабылданбаған.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы
№ 27 бұйрығымен бектілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекетттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің
8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжатттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау жөніндегі қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Яғни, жылжымайтын мүлікке тыйым салынуы өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Осы орайда, өтініш иесі мекеме тарапынан көрсетілген сапасыз қызметке наразылық білдіріп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне шағымданған.
Департаментпен шағымды сұрау салу арқылы қарау барысында мекеме тарапынан өтінішті негізсіз қабылдамағаны және тиесілі қолхаттың берілмегені анықталды.
Осылайша, Департаменттің ықпал ету шараларының нәтижесінде шағым иесінің өтініші мекемемен қабылданды.
Бұзушылықтарға жол берген жауапты маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.