Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін жүргізу барысында есірткі заттарын өткізумен айналысатын 5 ер адамды ұстады.
Күдіктілердің бірінің үйінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен, ылғалдылықты өлшеу құралдары, термометрлер және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіруге арналған бөлмелер анықталды.
Полицейлермен фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұталары мен құрал-жабдықтар тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктілерден 17 доза “синтетика” және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Жайт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.