16 қаңтарда тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталады

24
фото ШӨКҚ

16 қаңтардан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылданады. Бұл сертификат әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде қайтарымсыз негізде беріледі. Өтініш берушінің және оның отбасындағы әрбір мүшенің соңғы 6 айдағы орташа табысы 143 307 теңгеден аспауы тиіс. Бұл мөлшер заңнамада белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспауы қажет.

Айта кетейік, биыл ең төменгі күнкөріс деңгейі – 46 228 теңге. Тұрғын үй сертификатын 6 санатқа жататындар ғана ала алады. Өтініштер kезекте.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады. Ол үшін әрбір азаматта электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет.

Еске салайық, тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында «2-10-20», «5-10-20» және «Наурыз» бағыттары бойынша баспана сатып алу кезінде ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай көмегі.

Көпжан Төлебаев, Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары: «Тұрғын үй сертификатын алушыларға — бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері» жатады.