6 ақпан күні сағат 11:30 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесінде ауыр жол апаты болды. Мерседес-Бенц жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жарық бағанасына соғылған. Соққының күшті болғаны сонша, жас жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен.
Жүргізуші ауыр халде шұғыл ауруханаға жатқызылды. Жолаушы да түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі болды, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.