«Алтын белгі» медалінің төңірегіндегі дау. Ол қажет пе және ол жойыла ма? Бұл мәселенің талқыланып жатқанына біраз болды. Бірақ әлі нақты жауап жоқ. Алтын белгі бұл маңдай теріңнің нәтижесі, білімге деген ұмтылыстың нышаны, ал басқалар үшін бұл нақты артықшылықтар бермейтін әдемі белгі ғана сыңайлы.
«Алтын белгі» — бұл жай ғана медаль емес, 5-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейін бестікке оқығандарға ғана берілетін айырықша белгі. Бірақ бір үздік сертификат жеткіліксіз-қорытынды емтихандар соңғы сынаққа айналады. Оның нәтижесі оқушының шынымен медальға лайықты екенін және еңбегімен қол жеткізгенін растайды. Тек медальдың өзі қазір университетке түсу кезінде ешқандай артықшылық бермейді екен. Көптеген адамдар үшін бұл үздік оқуға деген ынта ғана болып тұр.
Ақерке Ілясова, Шымкент қаласы білім басқармасының бас маманы: «Алтын белгі» медалі жойылмайды. Біз министрлікке үміткерлер саны туралы өтініш жібердік. Мен бірден айтайын: бұл марапат ерекше артықшылықтар бермейді. Жалғыз ерекшелік-егер жоғары оқу орнына түсу кезінде талапкерлердің ұпайлары бірдей болса, онда медаль иесіне артықшылық берілуі мүмкін. Жалпы,» Алтын белгі» — бұл мотивация және білімге деген ұмтылыс».
Артықшылықтардың жоқтығына қарамастан, «Алтын белгіге» деген қызығушылық артып келеді. Егер 2024 жылы 459 түлек медаль алса, биыл 763 үміткер бар. 9-шы мектеп оқушыларының бірі Құралай Рамазан бұл марапаттың ол үшін көп жылдық еңбегінің жемісі, үлкен маңызға ие екенін мойындайды. Бірақ медаль жойылса да, менің оқуға деген көзқарасым өзгермейді . Өйткені, ең бастысы — білім және жоғары нәтижелерге ұмтылу. Дейді Құралай
Құралай Рамазан, №9 мектептің 11 сынып оқушысы: «Мен бірінші сыныптан бастап беске оқимын, алтын медальге үміткермін. Мен үшін оны алу маңызды. Мен медаль үшін емес, өзім үшін үйренемін. Мен білімім болғанын қалаймын және сұранысқа ие маман болғым келеді».
Біреулер үшін «Алтын белгі» — бұл жай ғана марапат, ал басқалары үшін — көп жылғы еңбектің маңызды нәтижесі. Сондықтан, нақты артықшылықтардың жоқтығына қарамастан, жүздеген оқушылар бұл марапатқа ұмтылады, олар үшін жәй ғана медаль емес, білімін дәлелдейтін дәйекті құрал. Өйткені, білімнің нақты құндылығы сертификатта емес, білімнің болашақта жетістікке жетуге қалай көмектесетіндігінде.
Шынар Оразова