Наурыз мейрамындағы ХҚКО және МХҚКО – ның жұмыс кестесі

фото ХҚКО

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды. Наурыз мейрамына орай қаладағы ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады.

25 наурыз, яғни сейсенбі күні кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Олар мына мекенжайда орналасқан: Жангелдин көшесі, 13 «А» және Желтоқсан көшесі, 121/1. Кезекші мамандандырылған ХҚКО 196 квартал, 381/1 мекенжайы бойынша жұмыс істейтінін хабарлайды. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.

Еске салайық, Қазақстанда демалыс күндері болып 21-25 наурыз аралығы жарияланған.