74 жастағы кейуана жоғалып кеткен…

фото ШТЖДБҚ
 Күні кеше 1951 жылы туған әйел адам Шымкент қ. Абай ауданы Қайнар бұлақ тұрғын алабынан үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған. Сәтсіз аяқталған өздігінше ұйымдастырылған іздеулерден кейін жақындары таңертең 112 қызметіне жүгінді.
Шақырту орнына құрамында 2 кинологиялық жасағы бар іздестіру тобы шықты. Үш сағаттан кейін жоғалған әйел елді мекеннен 4 шақырым жерде табылды. Кейуана біраз қалжырағанмен, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының жедел әрі кәсіби түрде әрекет етулерінің нәтижесінде үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған 74 жастағы кейуана аман-есен табылып, туыстарына табыс етілген болатын.
Осы оқиға байланысты кейуананың туыстары Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне арнайы келіп, Департамент бастығы генерал-майор Қ. Базарбаевқа алғыстарын білдірді.