Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

фото zhaikpress.kz

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекетттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:

  • Көрсетілетін қызмет алушылардың тегіне,әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына , жынысына , нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге де жақдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

  • Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік;

Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

Азаматтардың қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыратын мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді, қолжетімді және уақытылы болу мақсатында әрбір саланың мемлекеттік қызметтер көрсету үшін арнайы регламенттері мен стандарттары бекітілген және қызметті ұсыну процесінің жетілдіруіне қарай бекітілген қағидалар толықтырылып, дамытылып отырады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет атаулары, беру тәсілдері, көрсету мерзімі, көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері, көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығында анықталып көрсетілген.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған заманда электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдаланудың бір жолы – бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мемлекеттік органдардың ресми Веб-сайт парақшаларында, мобильдік қосымшаларда электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртіптері мен талаптарын үнемі жарнамалау болып табылады.

Мемлекеттік кызмет көрсету сапасын арттыру — мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі және жемқорлықты жоюға, халықтың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

К.Рустемова,

Әл-Фараби СЭББ басшы орынбасары