Úı ANONS Маңызды ақпарат: Солға бұрылуға болмайды

Маңызды ақпарат: Солға бұрылуға болмайды

фото ШӨКҚ
Көлік қозғалысын реттеу және кептелістердің алдын алу мақсатында Бәйдібек би даңғылынан Н. Назарбаев даңғылына солға бұрылуға тыйым салатын жол белгілері орнатылды.
Осыған орай, Бәйдібек би даңғылынан Н. Назарбаев даңғылына солға бұрылуға болмайды. Көліктер енді Ұ. Арғынбеков көшесімен қиылыстағы жолайрық арқылы айналып өтуге тиіс. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге түсіністікпен қарағандарыңызға алғыс айтамыз!