Úı Jańalyqtar Қоғамдық тәртіпті сақтау басты назарда

Қоғамдық тәртіпті сақтау басты назарда

фото ШПД

Бүгінде азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауқымды жұмыстары атқарылуда. Шымкент қаласында ойын-сауық орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шаралар қолға алынуда. 2024–2028 жылдарға арналған «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестікте қамтамасыз ету» тұжырымдамасының жүзеге асырылуы ерекше маңызға ие болды. Осы бағытта қала Полиция департаменті «102» арнасына түскен шағымдар мен хабарламалар талданып, көпшілік демалатын орындарда жиі қай жерлерден сигналдар түскені анықталды.

 

Талдау нәтижелері бойынша, ең көп хабарламалар және құқық бұзушылықтар тіркелетін орындар ретінде келесідей аймақтар назарға алынды: Ойын-сауық кешендері мен дискобарлар: Бұл орындарда жасөспірімдер мен жастар арасында алкогольдік ішімдіктерді қолдану, бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтар жиі орын алады. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері көбінесе түнгі уақытта байқалады.  Барлар мен кафе-барлар: Әсіресе, кешкі және түнгі уақыттарда, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі қолдану, төбелес, бұзақылық сияқты оқиғалар тіркелуде. Дәмханалар мен кафе-кафетерийлер: Кейбір шағын орындарда да құқық бұзушылықтар байқалуда, олардың ішінде ұрлық, төбелес және басқа да тәртіп бұзушылықтар кездеседі. Жеке ойын-сауық орындары мен караоке-барлар: Бұл жерлерде де жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтар орын алуда, әсіресе түнгі уақытта бақылау әлсіздеу болуда.

 

Шымкент қаласының құқық қорғау органдары бұл мәселеге ерекше көңіл бөле отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қоғаммен әріптестікте жүзеге асырылатын шаралар аясында, демалатын орындар мен олардың жанындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілуде, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтер мен мониторингтер жүргізілуде.

 

Айта кетерлік жайт, көпшілік демалатын орындарда құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін тұрғындар мен мекеме басшыларының қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу және қоғамдық тәртіпке бейжай қарайтындармен нақты жұмыс жүргізу маңызды. Бұл шаралар арқылы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мәдени демалысты ынталандыру көзделуде.

 

Ағымдағы жылдың 9 айында ең көп хабарламалар Шымкент қаласынан келіп түсті. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда шағымдар аздап азайғанымен, кейбір орындар полиция шақыру саны бойынша тұрақты түрде «көш бастап» келеді.  Мысалы, Мангельдин көшесінде орналасқан «Dicoco» клубынан осы кезең ішінде 69 шақырту тіркелген. Көптеген оқиғалар төбелес, дене жарақаты, әкімшілікпен жанжал және ұрлық фактілерімен байланысты. Бірнеше дерек қылмыстық құқық бұзушылық ретінде тіркелді.

«Аризона» барынан — 66 хабарлама түскен. Мұнда да төбелес, агрессивті келушілерге шағымдар, жанжалдар және есірткіге қатысты деректер тіркелген. Қорытындылай келе, Шымкент қаласында ойын-сауық орындарында жиі сигналдар түсетін орындар анықталып, олардың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді және қоғамдық қауіпсіздік үшін барлық тараптардың бірлесе әрекет етуі маңызды.