Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Шымкент қаласында «Ұйғыр тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараны Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығы ұйымдастырды. Мерекеге Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а Заңғарбек Үсіпахметов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, сондай-ақ қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.
Мерекелік бағдарламаның негізгі мақсаты — ұйғыр халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, ұрпақтар арасындағы бірлікті нығайту және ұлтаралық татулықты арттыру. Қонақтар ұйғыр мәдениетінің түрлі қырларын тамашалап, ұлттық тағамдармен танысты. Сонымен қатар, дәстүрлі әндер мен би қойылымдары көрсетіліп, қатысушылар ұйғыр тілі мен салт-дәстүрін дәріптейтін баяндамалар оқылды.
Мерекелік іс-шара ұлтаралық татулық пен достықты одан әрі бекітуге, мәдени әртүрлілікті құрметтеуге бағытталған маңызды оқиға болды. Шымкент қаласы ұйғыр мәдениетінің байлығын сақтап, ұрпаққа жеткізу үшін осындай мерекелік шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады. Алдымен қатысушылар ұйғыр халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады.
Іс-шара барысында сөз алған Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а Заңғарбек Үсіпахметов: «Қазақстан халқы Ассамблеясы — бейбітшілік пен келісімнің символы. Біздің басты байлығымыз – ел ішіндегі татулық пен өзара құрмет. Осындай мәдени іс-шаралар арқылы біз бір-біріміздің дәстүрімізді, тілімізді, мәдениетімізді тереңірек танып, ортақ құндылықтарды нығайта түсеміз», — деді. Іс-шараның салтанатты ашылуы «Умай» би тобының орындауындағы ұлттық «Кербез сылқым» биімен басталды. Кеш барысында ұйғыр мәдениетінің ерекше өрнегін көрсеткен өнер ұжымдары мен жас таланттардың орындауындағы ән мен би көрерменнің көңілінен шықты.
Сахна төрінде Т.Молдағалиевтің сөзіне, С.Байтерековтің әніне жазылған «Жан досым» әні шырқалып, Алматы облысы, Шелек ауданынан арнайы келген «Дастан» әншілер тобының әуезді әндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

