Úı ANONS Алматылық келіншек есірткімен ұсталды

Алматылық келіншек есірткімен ұсталды

Алматылық келіншек Шымкентке есірткі тасымалдаған. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті  хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, полицейлер   еліміздің басқа өңірлерінен есірткі жеткізудің арнасын жойды. Күдікті оңтүстікке жалға алған көлігімен келіп, заңсыз есірткі жеткізіп отырған. Оны тінту барысында жалпы салмағы 200 грамға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді.

Қайсар Нариман, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы: «Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 15 қазанда Шымкентке еліміздің басқа өңірлерінен есірткі жеткізудің арнасы жойылды. Күдікті азаматша Алматы облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. Одан бөлек, 22 қазан күні құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірген жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өз үйінің ауласында жалпы салмағы 2,5 келіден асатын 4 түп «сораны» баптап өсіргені анықталып, тәркіленді».

Қазіргі таңда аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары  жүргізілуде. Ал, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Айта кетейік, құзырлы орган өкілдері есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Нұргүл Жолымбетова