Úı ANONS Алматылық тұрғын 2 келіге жуық есірткімен ұсталды

Алматылық тұрғын 2 келіге жуық есірткімен ұсталды

Шымкентте алматылық тұрғыннан 2 келіге жуық есірткі тәркіленді. Құзырлы орган өкілдері қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, жедел шаралар атқарды.

Нәтижесінде, өзге өңірден келген азаматты  синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқаны үшін ұстады. Тексеру барысында күдіктіден ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес заты бар скотчпен оралған төрт полиэтилен пакеті табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 2 келіге жуық психотроптық заттар екені анықталды.

ВАГИФ ГАСАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Белгілі болғандай, күдікті қылмыстық әрекетін және қозғалыс бағытын жасыру мақсатында қалааралық қоғамдық көлікті пайдаланған. Аталған жайт бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды».

Полиция есірткі заттарын тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Нұргүл Жолымбетова