Úı ANONS Бірі кем дүние…

Бірі кем дүние…

фото ru.freepik.com

Көшеде жаяулатып кетіп бара жатқан жас ерлі-зайыпты қастарынан өтіп бара жатқан шетелдік қымбат көлікке қызыға қарады. Әйелі «түүу қашанғы жаяу жалпылап жүре береміз, біз қашан осындай әдемі көлік сатып алып, жүйіткіп жүреміз осы» деп аузын бұртитты. Ал сол қымбат көлікте отырған ханым олар туралы «қандай бақытты жанұя, менің де осындай отбасым болса ғой, еңсегей бойлы осындай күйеуім болса ғой» деді…

Көшеде тынбай сөйлеп кетіп  бара жатқан баласына «қақсай бермеші, жапшы аузыңды, басым ауырып кетті» деді ұялы телефонынан көз алмай келе жатқан анасы. Ал қасында жанай өтіп бара жатқан үлкен кісі ауыр күрсінді. «Немерем 5-ке келді. Әлі бір сөз айтпайды. Қашан өстіп аузын жаппай, қақсап сөйлейтін күнге жетер екенбіз» деді іштей.

Балмұздақ әпермедің деп жер тепкілеп жылаған баласын сабап жатқан анаға қарап, қырыққа тақаған әйелдің жүрегі ауырды. Осындай мінезді балам болса ғой, шіркін. Күніне қанша десе сонша балмұздақ әпере беретін едім» деді жабығып. Бірі кем дүние…

 

Гүлжан КӨШЕРОВА