Түркістан облысы Сауран ауданы Қарашық ауылындағы каналға белгісіз жағдайда жеңіл көлік түсіп кетті. Көлік ішінде екі адам болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан видеоға қарағанда, құтқарушылар келгенше олар батып бата жатқан көлік үстіне шығып тұрған.
«Құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында құтқару арқанын пайдаланып, ер адамдарды қауіпсіз жерге шығарды. Сонымен қатар, арнайы авариялық-құтқару көлігінің көмегімен автокөлік судан сәтті шығарылды»
Сауран аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, тұрғындар каналды кесіп өтпек болған. Судың терең жеріне келгенде тайып кетіп, шыға алмай қалған. Оқиға кеше 5 қараша түні түсте орын алған. Екі адам құтқарылғаннан кейін арнайы техникамен Нива көлігін де каналдан шығарылған.
Дилара Иса
