Úı ANONS Есірткілік заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін қамаққа алынды

Есірткілік заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін қамаққа алынды

фото med.mcfr.kz
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында С.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 440-1 бабының 1 бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну) әкімшілік іс қаралды.
С. 2025 жылғы тамыз айында Шымкент қаласы, №18 шағын ауданы орналасқан үйде есірткілік заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталған.
 
Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса, өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және тағы да басқа іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп, аталған мән-жайларға сүйене отырып, құқық бұзушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескеріп, сот С.-ны ӘҚБтК—нің 440-1 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.