«Еңбек – өмірдің тұтқасы». Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес Шымкентте жұмысшы мамандықтар жылы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара аясында 100 — ден астам адам екі қолға бір күрек таба алды. Сонымен қатар, NEET санатындағы жастардың да саны азайған. Олардың басым көпшілігі жұмыс істеп, кәсіпкерлікке ден қойған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылып жатыр. Жәрмеңкеде 105 тұрғын тұрақты жұмысқа жолдама алды. Сонымен қатар, биыл 400 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік қайтарымсыз грант алған 60-қа жуық жас кәсіпкер өз өнімдерін таныстырып, көпшілік назарына ұсынды.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жәрмеңке барысында пробация қызметі есебінде тіркеуде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, мүгедектігі бар және берешегі бар борышкер адамдар қатысып, тиісті деңгейде жұмыс берушілермен тікелей байланысып, тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды».
Айта кету керек, іс-шараға жалпы 700-ден астам адам қатысты. Оның нәтижесінде, 86 адам тұрақты бос жұмыс орындарына жолданды. Ал, 19 адам субсидияланатын жұмыс орындарына бағытталды. Бұдан бөлек, 60 адам www.enbek.kz порталы арқылы «Жұмыс іздеуші» ретінде тіркелуге өтініш білдірді.
Сондай-ақ, 56 адамға ерікті түрде қоныс аудару тетіктері түсіндірілсе, 12 адам еңбек нарығы сұранысына сәйкес кәсіптік оқуға ниет білдірді. Сонымен қатар, 32 адам жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін қайтарымсыз грант алуға қызығушылық білдірді деді ресми өкіл. Оның айтуынша, нет санатындағы жастардың да саны жыл сайын азайып келеді еекен. Яғни, бос жүрген жастармен тығыз байланыс орнатылып, оларды кәсіпкерлікке, еңбексүйгіштікке баулыған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мен осы қалаға келген кезде Неет санатындағы жастар бар бізде, олар еш жерде жұмыс істемейтін, білім алмайтын немесе оқымайтын жастар. Олардың әрқайсысың статусы бар. Бір олардың барлығын осы неет санатындағылар қатарына қосамыз. 2023 жылы олардың 22 мыңнан астам адамды құрайтын. Екі жылдың ішінде тұрақты жұмыс жасалып келе жатыр».
Тындырымды жұмыстардың нәтижесінде, жұмыссыз жастардың саны 2024 жылы 12649-ға төмендесе, биылғы 10 айдағы көрсеткіш 6759 ды құрады.
Нұргүл Жолымбетова







