Úı ANONS Өзен жағалауы жаңарып, жайлы демалыс орнына айналуда

Өзен жағалауы жаңарып, жайлы демалыс орнына айналуда

Шымкентте Қошқар-ата өзенінің арнасын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаланың ажарын ашып, тұрғындар үшін қолайлы әрі жасыл орта қалыптастыруды көздеген бұл жоба – мегаполис өміріндегі ірі өзгерістердің бірі. Жалпы өңірдің басты су арнасының 3,5 шақырым аумағы абаттандырылмақ.

Су арнасының жиегін абаттандыру жұмыстары қаланың жайлы ортаны дамыту басқармасының бақылауында. Болашақта бұл жағалау шымкенттіктер үшін тартымды орынға айналуы тиіс. Барлық жұмыстар сапалы орындалуы маңызды.

МҰРАТ АБДУРАХМАНОВ , ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мында тротуар қойылатын болады, аяқ жол жүргіншілер жолы болады. Орындық, қоқыс жәшіктері және мынау біздегі жарық шамдар болады. Бізде халыққа қолайлы жағдай жасау үшін».

Мұндай жобалар әрдайым жергілікті тұрғындардың мүддесімен байланысты болады. Кейбір үйлер «қызыл сызықтан» тыс орналасқан, сондықтан тұрғындарға құрылыс кезінде залал тиюі мүмкін. Осы себептен, мердігерлер Қошқар-ата өзенінің маңында тұратын адамдармен тығыз байланыста. Қоғамдық бақылау да жеткілікті деңгейде жүргізілуде.

Алдияр Тәжібаев, учаске бастығы: «5 күн ішінде бұл толық түрде аяқталады. Бұл жалғыз бұл жерде ғана емес, мұндай мәселелер алдымызда өте көп. Себебі бұл жерде өзен жағалау деңгейі биік орналасқанына байланысты оның бәрін уақытында графикке сәйкес атқарамыз».

Мегаполис үшін «Қошқар-ата» тек инженерлік жоба емес. Бұл Шымкенттің жаңа бейнесін қалыптастыруға бағытталған қадам, онда өткен мен бүгін үйлесім таппақ. Нәтижесінде бұрын ластанған өзен жағалаулары таза әрі жайлы орынға айналады.

Ботакөз Әнуар