Бағасы да, сәні де келіскен гүл шоқтарын іздеп жүрсіз бе? Онда «Отырар» телеарнасы «MONOO» гүлдер дүкеніне баруға кеңес береді. Себебі мұндағы гүлдер — көрген көзді сүйсінтетіндей әсем, бағасы — кез келгеннің жағдайына сай. Орталық туралы толығырақ алдағы сюжетте айтамыз.
«Моно» гүлдер дүкенінінің ашылғанына 1 жыл толды. Мерейтойға байланысты орталықта арнайы жеңілдіктер жүріп жатыр. Қазір мұндағы дайын гүлдер топтамасына 10 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Мерекелік акцияны пайдаланып, әсем гүл шоғын алғандардың бірі — Маржан Қалтұрсын. 26 жастағы ару осылайша анасын қуантпақ.
Маржан Қалтұрсын, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен осы жерден әрдайым гүл аламын. Бұлардың бірінші плюстары көлемі де өте күшті. Сапасы енді бір гүл алсақ, 2 аптадан көп тұратын шығар. Өте жақсы. Бұл кісілердің дизайн жағынан идеялары өте күшті. Қараңызшы, қандай әдемі жасаған»
«Моно» гүлдер дүкенінінде әсем гүлдердің түр-түрі бар. Мұндағы тәжірибелі мамандар кез-келген талғамға сай ерекше стильдегі әдемі гүл шоқтарын жасап береді. Сондай ақ, мұндағы баға да қалтаға қонымды. Өйткені орталық иелері гүлді өздері көтерме бағамен жеткізіп отырады.
Айкен Бақтярбек, «MONOO» гүлдер дүкенінің иесі: «Гүлден басқа бізде бенто торттар сатылады. Шоколадтағы құлпынай сатылады. Басқа да тәттілер сатылады. Тағы да бізде кептірілген гүлдер бар. Оларға вазаларымыз бар. Оны үйлеріңізге декор ретінде алсаңыздар болады. Сухоцветы ол 3-4 жыл үйлеріңізде тұратын гүлдер»
Дүкеннің ашылғанына бір жыл толса да, мұндағы мамандардың бұл салада жүргеніне 7 жылдан асқан. Сондықтан әдемі әрі арзан гүл шоқтарын іздесеңіз, Әл-Фараби көшесінде орналасқан «Моно» дүкеніне келіңіз.
МЕКЕНЖАЙЫ: ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІ, 40.
«MONOO» ГҮЛДЕР ДҮКЕНІ
