Úı ANONS Шымкентте 341 жер телімі мемлекет мұқтаждығына алынды

Шымкентте 341 жер телімі мемлекет мұқтаждығына алынды

Шымкентте жыл басынан бері 341 учаске мемлекет мұқтажына алынды.  Бұл жұмыс қаланың Бас жоспарына сәйкес, қала әкімдігінің тиісті қаулылары негізінде жүзеге асып жатыр дейді әкім орынбасары. Оның айтуынша, аталған учаскелерде келісімшартқа сәйкес өтемақы төленсе, бірқатарына тең бағалы жер телімдері ұсынылған. 

Нақтырақ айтар болсақ, Д. Қонаев даңғылындағы құрылыс жұмыстары үшін 300 — ге жуық жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылуы керек. Бұдан бөлек, А-2 автожолы, С.Бәйтереков,Қ.Қазиев көшелерінің жалғасын салу үшін  80 -нен астам жер учаскелері мемлекет меншігіне өткізілуі тиіс.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары: «Соның ішінде 298 жер учаскесінің иесіне мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт негізінде қаржы төленді, ал 43 учаскеге тең бағалы жер учаскесі берілді. Д.Қонаев даңғылы жалғасының 5-кезеңінің құрылысына 270 жер учаскесі түседі, қазіргі таңда 253 учаскенің иесіне өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажына алынды».

Қазіргі уақытта мегаполис үшін стратегиялық маңызы бар нысандардың құрылысына қажет аумақтарды мемлекет меншігіне қайтару бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Нұргүл Жолымбетова