«Астында мынадай паластар жанғыш матералдар тез жанады. Осы материалдарды пешке қатты жақындатып қойған».
Түркістан облысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қауіптің, қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында мамандар, жылыту маусымына дайындықты пысықтап жатыр. Бүгінге дейін мыңдаған үйді аралап, нәтижесінде, 37 мыңнан аса өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау дерегі тіркелген. Сондықытан, жауаптылар, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, пешті жылытуда дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулықтар өткізген.
ЖАСҰЛАН АЙНАБЕК, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Облыс аумағында 2025 жыл басталғалы бері 390 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттің салдарынан өкінішке орай кешегі Жетісайда болған өрт оқиғасына байланысты 18 адам қайтыс болды. 13 адам жарақат алған. Бұл жалпы статистика».
Жасұлан Айнабектің сөзінше, өрттің көбі жеке тұрғын үйлерден шыққан. Сонымен бірге, автокөлік құралдарында, сауда орындарында, бидай және орман алқаптарында, бақылау объектілерінде орын алған. Жыл басынан бері өрттен 1 миллиард 729 миллион теңге материалдық шығын келген.
ЖАСҰЛАН АЙНАБЕК, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Бақылау объектілерінде орын алған өрттерді алатын болсақ олар азық-түлік дүкендері, қойма, ауыл шаруашылығы, асхана, тағы басқа объектілерді айтуға болады. Өрттің жиі алу себептері электр жүйелерін қуаттау, электр сымдары, техникалық ережелерін бұзу салдарынан орын алып отыр басым бөлігі. Пештерді орнату және пайдалану ережелерін бұзу жағдайлары тіркеліп отыр. Сондай-ақ отты абайсызда пайдалану және басқа себеп-салдарынан болған өрт оқиғалары».
Сондай-ақ, газдан улану дерегі бойынша 1 оқиға тіркелген. Салдарынан 2 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алған. Өткен аптада Сарыағаш ауданында қатты отыннан бір отбасының 7 адамы уланып қалған. Олардың қазіргі жағдайы қалыпты.
Ресми мәліметке қарағанда, аймақта 350 жүз мыңнан аса тұрғын үй бар. Оның 346 мыңнан астамы жеке тұрғын үй.
Дилара Иса
