Úı ANONS Аспаздың сөмкесінен тиым салынған «дәмдеуіштер» табылды

Аспаздың сөмкесінен тиым салынған «дәмдеуіштер» табылды

фото indeksonline.net

Республикалық «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу мақсатында елордалық полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде автобус аялдамасынан қолында барсеткасы бар ер адамды байқап, тексеру үшін тоқтатты.

Жеке тінту барысында сөмкесінен сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар 7 орам марихуана, сары түсті сұйық консистенциялы гашиш майына тән иісі бар 20 пластик құты, сондай-ақ өсімдік тектес қою сұр түсті өзіне тән иісі бар 10 орам каннабис шайыры табылды.

Ер адам өзінің аспаз болып жұмыс істейтінін айтып, бұл заттарды «тағамдарға арналған дәмдеуіштер» деп түсіндірген. Оның елордадағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істейтіні расталғанымен, тәркіленген заттардың тағам өнімдеріне ешқандай қатысы жоқ екені анықталды.

Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық іс қозғалды.