Úı ANONS Балуандар әкім кубогын сарапқа салды

Балуандар әкім кубогын сарапқа салды

Биыл бозкілем балуандары алғаш рет қала әкімінің кубогын сарапқа салды.  Республикалық деңгейде өткен белдесуге еліміздің түкпір-түкпірінен 100-дің үстіндегі кіл жүйріктері жиналған. 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскенден арасында кім жеңіс тұғырынан көрінді? 

Алмас Рысбеков әкім кубогынан үмітті жастың бірі. Алғашқы күрестен өз ептілігімен көзге түскен балуан қарсыласының да шебер екенін мойындайды. Тараздың тоқпақтай жігітін  арпалыса жеңген Алмас Павлодар қаласынан осы бәсекеге арнайы келген.  Ал ұлттық спортта жүргеніне 10 жылдан асқан екен. Айтуынша оның  күреске деген құлшынысы қанымен дарыған.

АЛМАС РЫСБЕКОВ, БАЛУАН: «Бұл күреске мені папам алып келген. Папам да күрескен. Мені кішкентай кезімнен тасып, өзімен бірге осы спортқа аалып келді. Жалпы маған осы спорт ұнайды. Өте қатты. Өзіміздің қазақша күрес».

Оңтүстік алаңында Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарынан келген  100-ге жуық жас балуандар күресті. 8 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасқан бәсекеде  сала саңлақтары төрелік етті. Ал ұйымдастырушылар, бұл доданың мақсаты ұлттық спортты дамыту дейді.

ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жалпы мақсатымыз негізі білесіздер биыл заң қабылданды. Ұлттық спорт түрлері олимпиада спорт түрлерімен теңестірілді. Яғни ұлттық спорттың насихаттау жұмысы оны дамыту бойынша біз өзі жүйелі түрде жұмысымызды бастап кеттік. Соның бірден-бір себебі осы».

Айта кетейік, бұл жарыс жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға және дәстүрлі қазақ күресін насихаттауға бағытталған. Ал сайыс нәтижесі бойынша, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Ботакөз Ануар