Шымкент әкімдігі блогерлерге миллиондарды жұмсап жатыр. Мұндағы мақсат жарнама арқылы қаланың көрікті орындарын таныту. Мәселен, қазан айында небәрі үш күндік блогерлер турына қазынадан 2 млн. 400 мың теңгеге жуық қаржы кеткен. Бұл шараға шетелден 15 тревел-блогер мен журналист арнайы шақыртылған. Сондай ақ, еліміздің 15 белсенді азаматы бар. Олар Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қаланың тарихымен, дәмді асымен және өндірістік әлеуетімен танысыпты.
СҰЛТАН ЫСҚАҚОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Әзірбайжаннан Баку қаласынан, Өзбекстан, Қырғызстаннан, Еуропалық елдерден де шақырылып, оларға пресс тур өткізу бойынша талап қойылған. Олар қатысып, біздің Шымкенттің әлеуетін жарнамалады, оларға біз талаптар қоямыз. Олар өздері біздің Шымкент қаласының көрнекті туристік нысандарын түсіріп, өздерінің мемлекеттеріне жарнамалауға, көрсетуге талаптар қойылады. Бюджеттен ақша бөлінеді»
ЛАУРА БАБАС


