Úı ANONS Еңбегі еленгендер марапатталды

Еңбегі еленгендер марапатталды

Жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, кәсіби шеберлігімен көзге түскен азаматтар марапатталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында адал еңбекті ту еткен жандарға құрмет көрсетілді. 

Ол он жыл бойы инфекциялық ауруханада медбике болып қызмет атқарған. Мұнан соң, отбасылық жағдайларына байланысты жұмысты сатушылыққа ауыстырған. 49 жасқа келген ана бұл қызмет көрсету саласында жұмыс істеу ұят емес дейді. Ең бастысы, адал еңбек етіп, көптің көңілінен шыға білу қажет дейді.

Марапатталғандардың қатарында өндіріс, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, энергетика және өзге де салаларда адал еңбегімен көзге түскен азаматтар бар. Оларда қала әкімінің алғыс хатымен, арнайы сыйлығымен марапатталды.

Мұнан соң, шаһар басшысы жұмысшы мамандардың қоғамдағы маңызы ерекше екенін атап өтті.  Сондай-ақ, қаланың тұрақты дамуы ең алдымен қарапайым еңбек адамдарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін жеткізіп, ізгі лебізін  білдірді.

Айта кету керек, марапатталған 30 адамның есімдері мен қызметі арнайы  кітапқа басылды. Олардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі жас ұрпаққа үлгі өнеге болмақ.

Нұргүл Жолымбетова