Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжде Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. «Қарулы Күштердің Ұлы Сардары – 80 жаста» атты республикалық жиынға азаматтық ұстаздар, ұландар мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында қатысушылар елге өнеге беретін, рухани тұрғыдан бай, маңызды баяндамалар жасады.
Шымкентте армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 80 жылдығына арналған республикалық конференция өтті. Шара аясында Әскери және азаматтық ұстаздар, ұландар мен мектеп оқушылары рухани мәні мол баяндама жасады. Әскери спорт колледжінің ұландары конференциядан көп пайдалы мәлімет алғандарын жеткізді.
ӘЛИ БЫРҚИЯ, ӘСКЕРИ СПОРТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҰЛАНЫ: «Қазіргі таңда көптеген конференциялар өтуде. Білмеген ақпараттарымызды осы жердеп біліп отырмыз. М. Алтынбаев — Қазақстан қарулы күштеріне көптеген еңбегі сіңген адам. Оның ең бастамасы халықаралық дипломатия болып табылады. Біздің әскери мекемелер М. Алтынбаевқа қарап бой түзейді»
Әскери колледждің оқытушылары іс-шараның жас ұрпақты елін сүюге, Отанға адал қызмет етудің маңызын сезінуге тәрбиелеу мақсатында өткізілгенін ерекше атап көрсетті.
АСҚАР ТҰЯҚБАЕВ, ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ МҰҒАЛІМІ, ПОДПОЛКОВНИК: «Мақсаты — біздің әскери қызметшілер мен ұландардың отан сүйгіштікке, отанды қадірлеуге, олардың отанға деген махаббатын сүйіспеншілігін ояту болып табылады»
Конференция барысында қатысушыларға заманауи қару-жарақ түрлері көрсетілді. Бұл көрсетілімді еліміздің Қарулы К күштеріндегі әскери бөлімдердің қызметшілері ұйымдастырды.
Лаура Бабас






