Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы төңірегінде көтеріліп жатқан сан алуан сұрақтардың мақсаты -адам ағзасын, өмір сүру ортасын, қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен барынша ескерте отырып сақтау. Бүгінгі біздің көтергіміз келіп отырған тақырыбымыз да- көп жағдайда адам баласы қызығушылықпен бастап, кейін арыла алмауға дейін жететін қорқорды пайдаланғандағы адам ағзасына тигізер зиянды әсері .
Қорқор көбіне қоғамдық тамақтану орындарында: кафе, бар мейрамханаларда біздің жастарымызға, тұтынушыларға ұсынылатын темекі тектес «сәнді» аппарат.
Қорқорға қатысты зертханалық зерттеу мәліметтеріне сүйенсек қор-қор түтікшесінен алынған гигиеналық сүртінділерден ішек және көкіріңді таяқшалар, алтын түстес стафилакокк, ашытқы және грибок қоздырғыштары анықталған болатын.
Аталған бактериялар жоғары тыныс алу жолдарының ауруларын алып келеді. Қорқор сұйықтығында осы қоздырғыштар жиналып, ауыз қуысының гиггивиті, парадонтоз, герпес және басқа да вирусты жұқпалы ауруларын туындатады. Сонымен қатар, қорқор арқылы гепатит, туберкулез сияқты жұқпалы аурулары да берілуі мүмкін.
Қорқор бұл улардың, қарамайдың, концерогендер мен бактериялардың өте зиянды қоспаларын адам ағзасына тез жеткізетін «сәнді» аппарат. Қорқор түтінінің улылығы темекі түтінінен бірнеше есе жоғары, оның құрамында қара май мөлшері 36 есе, көміртек монототығы 30 есе, улы иісті газ 8,4 есе, никотин 7,5 есе жоғары. Дәрігерлер қорқордың бір порциясын шегілген 100 темекіге теңестірген. Түтінмен бірге қорқор тартушының өкпесіне никотинмен қатар бензапирен-өкпе обырын туындататын және ДНК мутациясына төзімді, тұқым қуалаушылықпен берілуге икемді канцероген сияқты қауіпті заттар да сіңірілетін аса зиянды әсерлері туралы мағлұмат бере отырып, зиянды әдеттен аулақ болып, одан арылып, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген сөздерді арқау қылып, салауатты өмір салтын сақтайық.
Б.Ергеш,
Шымкент қаласы
Еңбекші ауданының СЭББ басшысының орынбасары






