Шымкентте электр-жылумен жабдықтау жобаларын іске асыруға 1,9 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа сорғы станциясы ғимараттарын салу, қайта жабдықтау, реконструкциялау жұмыстары кіреді. Сонымен қатар, қала бойынша толық газдандыру жұмыстарына 10,44 млрд. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда газ желілерін салу ісі жолға қойылған. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі хабарлады. Бақытжан Нәссенұлының Шымкентке іс сапары жөнінде алдағы сюжетте айтамыз.
Шымкентке ҚР Энергетика Министрлігінің вице-министрі іс сапармен келді. Бақытжан Нәссенұлы халықпен кездесіп, өңірдің отын-энергетика кешеніндегі қазіргі ахуалы туралы қысқаша баяндап өтті. Ол қаладағы атқарылған бірқатар шаруаларға тоқталып, электр және жылумен қамтамасыз ету мәселелері туралы айтты.
БАҚЫТЖАН ІЛИЯС, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Қала және облыстағы өңірлік энергия беру компаниясы — ЖШС «Оңтүстік Жарық Транзит» болып табылады. Оның активтерінде 23,2 мың км кабельдік және электр берудің әуе желілері мен шамамен 6,3 мың кіші станция бар. Бюджеттік жобалар бойынша жылумен жабдықтау
2025 жылғы республикалық бюджетте Шымкент қаласының әкімдігіне электр-жылумен жабдықтау жобаларын іске асыруға 1,9 млрд. теңге бөлінді. Ол электр және жылумен қамтамасыз ету жобаларына бағытталған».
Сонымен қатар, вице-министр, газ инфрақұрылымын жүзеге асыру, электр және жылумен жабдықтау, халықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
«Өзіміздің Шымкентте жаз айында кей райондарда электр энергия өшіп жатыр. Өндіру бойынша қандай жұмыстар жасалып жатыр?».
ЖАУАП: «Электр энергиясы бойынша бағдарлама бекітілген. Ол бағдарлама бойынша 28 гегабайт жаңа қуат көзі іске ену керек. Осы Шымкент қаласы бойынша 500 проектісі инвестор анықталуда».
«Алтын төбеге» газ қашан келеді?».
Жауап: «Алтын төбеде талап беруші ЖҚҚ болып есептеледі. Ол бойынша мердігерлер жұмыс жасап жатыр. Жыл соңына дейін қосылу керек».
Жиын барысында вице-министр, жанармай тапшылығын және сату кезіндегі алыпсатарлықты болдырмау мақсатында қалалық және аудан әкімдіктері рейдтік шаралар ұйымдастырып жатқандығын жеткізді.
Оның айтуынша, Шымкент қаласында сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы шекті бағасы 102 теңгені құраған. Ал, өңірде 4 газ толтыру станциясы және 209 автогаз құю станциясы жұмыс істейді. Сондықтан, біз сұйытылған мұнай газын реформалау және ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдап жатырмыз деді вице-министр.
Сонымен қатар, шекті бағалар бақылауда екен. Мұнан соң, Бақытжан Ілияс орталықтағы жұмыстармен танысып, тұрғындардың кейбірін жеке қабылдады.
Нұргүл Жолымбетова

