Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін әшкере етті. Күдіктілер 2 жылдан бері TikTok және YouTube әлеуметтік желісінде «TauBrat» парақшасы арқылы тікелей эфирде «Тринька» атты заңсыз құмар ойын өткізген.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген «дроптарды» пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған. Жалпы қылмыстық табыс 93 млн. теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды».
Күдіктілер сот санкциясымен 2 айға қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Дилара Иса







