Úı ANONS Шымкентте көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

фото istockphoto.com

Шымкенттегі өрттен ТЖД қызметкерлері жеті адамды эвакуациялады. Өрт 17-ші шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде орын алған. Құтқарушылар дер кезінде келіп, жеті адамды баспалдақ арқылы эвакуациялады.

Олардың жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді және ол толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда.