Бүгін ел дамуына елеулі үлес қосқан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Саңлақ сясаткердің туғанына биыл 114 жыл толды. Бұл күн иісі қазақ үшін айрықша маңызға ие.
«Біз мына 20 ғасырда не көрдік? 3 рет революция болды. 2 рет ашаршылық болды.2 рет дүниежүзілік соғыс болды? Қай уақытта біз тоқшылық көрдік. Жігіттер білесіңдер ма? 63-86 жылда Қазақстанды кім басқарды? Димаш Ахметұлы Қонаев атамыз басқарды».
Ел есінде қалған өр тұлға билік құрған заманда ұлт болмысын сақтайтын мәдениетке баса назар аударылған. Мемлекетте өндіріс ерекше дамып, 43 қала мен 68 жұмысшылар кенті салынды. Елге сіңірген еңбегінің жемісі болар, халық оны айрықша құрметтеп «Димаш аға» атады. Бүгінде тарихқа атын жаза білген біртуар тұлғаның туғанына 114жыл. Ардақты азаматтың артында қалғандар бұл күні жылы естеліктерін қаузап, ұлы тұлғамен жүздескендеріне мақтанады.
ҰЛБОЛСЫН АҚМОЛДАҚЫЗЫ, ЗЕЙНЕТКЕР: «30-дан асқанмын 1-2 жас. Бала-шағамды асыраймын деп комбайн айдап жүргенмін. Трассаның бойында. Тура сәйкестік болды. Ол кісі қарапайым еді. Барлық жағдайымды сұрады. Отбасымды сұрады. Рақмет балам жақсы жұмыс істеп жатырсың, бақытты бол деп батасын беріп кетті».
ДОСБАЙ ШЕРІМҚҰЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АЗАМАТЫ: «Мынау Төле би ауданында аудандық атқару комитеті төрағасы кезінде ол кісі келіп біздің шаруашылықты аралағанда мен бірге болдым. Ол кезде жаспыз әрине. Ол кісі үлкен кісі, үлкен тұлға. Соның қасында жүріп қызмет жасап, ауданның жайғдайын айтып жүрген азамматтың біреуі менмін».
ИМАНӘЛІ БЕКӘЛІ ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ: «Білім беру институтына барған кезімде Қонаевтың үйін өзін бірінші рет көріп едім. Сонда ол кісінің сондай қызметте жүріп, қарапайым ғана үйде тұрғанына біз таңқалып едік».
«Менің бар байлығым — халқымның сенімі». Осылай деген Дінмұхаммед Қонаев расында дүние емес халықтың ықыласын жинады. Ел жадында қарапайым тұлға ретінде сақталды. Осы себептен, ыстық естелікпен еске алған кемеңгерді үлгі етіп, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым еткендердің қарасы көп.
Саясаткерді ерекше дәріптеп, оның еңбегін айрықша атап жүргендер – сол дәуірді көзбен көріп, бірге қызмет еткен замандастары не сол кезеңнің куәгерлері. Ал бүгінгі жас буын бұл тұлға туралы не біледі, оның ел тарихындағы орны мен еңбегін қаншалықты танып жүр?
Елін сүйген ерді елі де сүйеді. Дінмұхаммед Қонаев игі ісімен,адами болмысымен көңілгендерге ене білген дара тұлға.
Ботакөз Әнуар

