Түркістан облысында кәсіпкерлік нысандарында газ баллондарды пайдалану бойынша жаппай рейдтер жүргізілуде. Іс-шараның мақсаты – газ баллондарды заңсыз және қауіпсіздік талаптарын бұза отырып пайдаланудың алдын алу. Рейд барысында газ жабдықтарының техникалық жағдайы, сақтау және пайдалану тәртібі тексеріліп, түсіндіме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Созақ, Түлкібас және Ордабасы аудандарында да аталмыш бағыттағы рейд жұмыстары жүргізілді.
Түлкібас ауданының әкімі А.Естібаев, Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Аудандық полиция қызметкерлері, Әкімшілік қызметкерлері, Газ инспекция қызметкерлерімен бірлесіп кафе, сауда орталықтары және көше бойында орналасқан сауда нысандарында рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Газ баллондарын пайдаланып отырған жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қауіп төндіретін газ баллондарын алып тастау жұмыстары атқарылды
Ескерту парақшалары таратылды.
Іс-шараның басты мақсаты – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу.

