«Отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 143 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 2026 жылдың 20 мен 22 қаңтар аралығында Шымкент қаласында «Отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оған жалпы 420 қызметкер жұмылдырылды.
Аталған іс-шара тұрмыстық қатынастар саласындағы қауіпсіздікті кешенді түрде қамтамасыз етуге, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Полицейлермен есепте тұрған 790 адамдар мен қиын жағдайға тап болған отбасылар тұрғылықты мекен жайы бойынша тексерілді.
Оның ішінде полиция қызметкерлері тұрмыстық құқық бұзушылықтар бойынша есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жерін тексеріп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды аралады, сондай-ақ тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында есепке алынғандар — 237, оның ішінде қорғау нұсқама – 195, ерекше талап — 42. Жалпы, іс-шара барысында 143 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.




