Úı ANONS Шымкентте анасы өз балаларын ұдайы ұрып-соқан деп күдіктелуде 

Шымкентте анасы өз балаларын ұдайы ұрып-соқан деп күдіктелуде 

фото stan.kz

Шымкентте ана өз балаларын ұрып-соққан деп  күдіктелуде, деп хабарлайды OTYRAR. Аталған оқиғаны қалалық полиция бөлімі растады. Алдын ала ақпарат бойынша, әйел балаларды жүйелі түрде қорлап, оларға дене жарақатын салған. Шағымды отбасының туыстары берген деп болжануда.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, хабарлама алғаннан кейін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  полиция қызметкерлері, сондай-ақ басқа да уәкілетті органдардың өкілдері отбасының тұрғылықты жеріне дереу барып, мән жәйді анықтады.

«Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін бірқатар тергеу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, жиналған материалдар Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі, олар әйелді ата-ана құқығынан айыру мүмкіндігін қарастырады», — деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Зардап шеккен балалар медициналық мекемеге жеткізілді, онда олар дәрігерлер мен әжесінің бақылауында. Екі кіші бала уақытша сәбилер үйіне орналастырылды. Істің мән-жайы тергелуде.