Úı ANONS Түркістан облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

фото ІІМ

 

Арыстанғани Заппаров Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Ол 1969 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Заң институтын тәмамдаған. Полиция генерал-майоры.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Әр жылдары Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және көліктегі полиция бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Тағайындауға дейін Алматы қаласы Полиция департаментін басқарды.