Úı ANONS Жаңа өткел қолданысқа берілді

Жаңа өткел қолданысқа берілді

Жаңа өткел қолданысқа берілді. Шымкентте жол кептелісін азайту мақсатында тындырымды тірліктер атқарылып жатыр. Атап айтар болсақ, жаңа өткел, айналма жолдарды салу жұмыстары, сондай-ақ, кеңейту, абаттандандыру қарқынды жүргізілуде. Соның бірі Момынов көшесіндегі өткел. Бүгін техникалық тұрғыдан ашылып, жүргізушілер кептелістен құтылды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Момынов көшесінде жаңа автокөлік өткелі ашылды. Іс шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Оның айтуынша, жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары аясында көлік кептелісін азайтуға мүмкіндік бар. Бұл соның бір дәлелі.

Әр 20 минут сайын темір жолда кептелісте тұратын жүргізушілер, енді өткел арқылы үздіксіз қатынай алады. Өйткені, ұзындығы 132 метр жаңа өткел пайдалануға берілді. Бұл нысан, қаланың шығыс бөлігін орталық аудандармен байланыстырады. Ол, теміржол желісінен қауіпсіз өтуді қамтамасыз етіп қана қоймай, көлік инфрақұрылымын жақсартады дейді Ролан Ибрагимов.

РОЛАН ИБРАГИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Негізгі жұмыстардың барлығы бізде 2025 жылдың наурыз айынан кейін басталды. Конкурс 2024 жылдың желтоқсанында өтіп, желтоқсан мен наурыз айында арасында біз, құрылысқа мешать ететін инженерлік инфрақұрылымдарының орнын ауыстырып, құрылыс алаңы ашылғаннан кейін кірістік. Жалпы көпірідің ұұзындығы 132 метр».

Алдағы уақытта темір жол өткеліне іргелес аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, түнгі уақытта көрінуді арттыру және қауіпсіздікті күшейту үшін заманауи жарық шамдарын орнату да жоспарланған. Бұл шаралар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасап, өткел маңындағы қозғалысты реттеуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуыншаа, абаттандыру жұмыстары толық аяқталғаннан соң, өткел аумағы қауіпсіз, жарық әрі эстетикалық талаптарға сай болады.

ЕРКІНГҮЛ ОСПАНӘЛИЕВА, «БЕРЕКЕ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: «Қандай еңбектің арқасында келді. Күннің ыстығына да суығына да қарамай уақытында жоба бойынша бітірдік деп ойлаймын. Бірақ, мынау бірінші қабаты. Әлі екінші слой түседі. Ортасындағы жарықтардан қорықпаңыздар. Ол жерге шов түседі. Қазір жарығын істейміз. 90 пайызы бітіп тұр. 2026 жылы май айында толық аяқтаймыз. Қанша машина өтсе де, проект бойынша істедік. Біз 50 жылы кепілдік бере аламыз».

Айта кетейік, темір жол өткеліне мемлекет қазынасынан 8,5 млрд. теңге қаржы қаралған. Бұдан бөлек, қала аумағында биыл Тіленшин көшесіндегі автокөлік өткелін де пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Бәйдібек би даңғылы мен Қ. Төлеметов көшесінің қиылысында жолайырық салынып жатыр. Оны да биыл пайдалануға беру басты назарда дейді жауаптылар.

Нұргүл Жолымбетова